ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Ю. ГАЛЫШЕВА ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА

17:15, 8 ақпан 2021

Жерлесіміз Юлия Галышева фристайл-могулдан АҚШ-тың Дир-Вэлли қаласындағы Әлем Кубогінің кезекті сынында төртінші орынға тұрақтады. Жартылай финалға дейін сыннан сүрінбеген Галышева америкалық Ханна Сорға есе жіберді. Осылайша, үшінші орын үшін тартысты бәсекеде тағы бір америкалық Тесс Джжонсонға жол берді. Қазақстан құрамасы қатарында әлем кубогінде өнер көрсеткен Дмитрий Рейхерд, Анастасия Городко, Аяулым Әмренова, Павел Колмаков, Сергей Романов және Антон Бондаревтер іріктеу сынынан аса алмады. Ал жарыс жеңімпазы Кай Оуэнс болды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар