ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ТОРПЕДО ЖЕҢІС ЖОЛЫНДА

13:38, 19 наурыз 2021

Шайбалы хоккейден ҚР чемпионатының ¼ финалында өскемендік «Торпедо» алматылық құраманы тізе бүктірді. Бұл кездесудің басты ерекшелігі өскмендік хоккей жанкүйерлері спорт сарайына келіп, сүйікті ойынын тамашалауға мүмкіндік алды. Толығырақ келесі бейнематериалда. Кездесудің алғашқы кезеңінде қос команда баяу ойын өрнегін көрсетті. Алма кезек шабуылдарға қарамастан бұл кезеңде шайба салынбады. Тек екінші кезеңде ғана есеп ашылды. Виноградовтың  пасын голға айналдыра алған Кузнецов болды.  Осылайша өскемендік өрендер алға шықты. Алматылық хоккейшілер тек үшінші кезеңде есепті теңестіре алды. Қарсылас қорғанысының қателігін Белгібаев шебер пайдаланып, таблодағы есепті 1:1 жеткізді.  Ойын жеңімпазы төртінші кезеңнің алтыншы минутында анықталды.  Оң қапталдан Стуловтың жасаған шебер шабуылы қорытынды есепті 2:1 айналдырды. Бүгін Өскеменде қос алыптың төртінші кездесуі өтеді. Торпедолықтар жеңіске жетсе, жартылай финалда өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар