ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«ТОРПЕДО» ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛДА

13:30, 25 наурыз 2021

Шайбалы хоккейден ҚР чемпионатының жартылай финалында өнер көрсететін командалар анықталды. Алғашқы жұпта қарағандылық «Сарыарқа» мен елордалық «Номад» сайысқа түседі. Ал өскемендік «Торпедо» көкшетаулық «Арлан» командасын өз алаңында қабылдайды. Ширек финалдың төрт ойынында  «Торпедо»  алматылық командадан басым түсті. Алғашқы екі кездесуде өскемендік өрендер 6:2 және 4:3 есебімен жеңіске жетсе, қалған екі ойын 2:1 және 3:1 есебімен аяқталған болатын. Көкшетаулық «Арлан»  жартылай финалда алты ойын өткізуге мәжбүр болды.  Азулы қарсылас атыраулық «Бейбарысты» тізе бүктіру арландықтарға оңайға түспеді. Дегенмен көкшетаулық команда шебер ойын өрнегін көрсетіп, жартылай финалға жолдама алды. Команданың бас бапкері Сергей Бердников халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Ресей чемпионатының күміс және қола жүлдегері, Еуропа Кубогінің иегері. «Авангард», «Лада», «Локомотив», «Сібір» командаларында өнер көрсеткен. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін «Северсталь» және «Кузня» командаларын жаттықтырған. «Арлан» командасының сапында үздік шабуылшылар өнер көрсетеді. Солардың бірі «Барыс», «Трактор», «Витязь», «Северсталь» сынды командаларда ойнаған - Вадим Бердников. Сонымен қатар, көкшетаулықтар үшін кезінде «Динамо», «Северсталь», «Амур», «Сібір» командаларында ойнаған Дмитрий Шитиков те өнер көрсетеді. Сондай-ақ осы плей-офф кезеңінің үздік қорғаушыларының бірі Артемий Лакиза арландықтар сапында.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар