ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

«ТОРПЕДО» ХОККЕЙШІЛЕРІ КӨШ БАСТАП ТҰР

13:38, 19 қаңтар 2021

Хоккейден ерлер арасындағы ел біріншілігінің кезекті мачтары өтті. Бұл додада өскемендік екі команда бақтарын сынауда. Көкшетауда жергілікті «Арлан» командасы  «Торпедоға» есе жіберсе, өз алаңында өнер көрсеткен «Алтай  Торпедо» жігіттері «Алматы» командасынан ойсырай ұтылды.  «Торпедо» ХК ел біріншілігінде турнирлік кестеде әлі де көш бастап келеді. Өскемендік команда екінші орында келе жатқан қарсыласынан 5 ұпай алда.      Кезекті кездесуін көкшетаулықтармен  өткізген өскемендіктер қарсыластарының шабуылға толы ойын тактикасына дайын болмай шықты. Содан да болар, алғашқы шайбаны «Арлан» құрамасы салды. Небәрі ойынның 10-шы минутында таблодағы есеп ашылды. Екінші кезеңде арландық жігіттердің есепті еселеуге тамаша мүмкіндігі болды, алайда «Торпедо» қақпашысы соққыны қайтара білді. Ал өскемендіктер есепті тек екінші кезеңің соңында теңестірді. Қарсылас қақпасынан саңылау тапқан - Угольников. Қарсыластарын шабуылдармен ес жинатпаған торпедолықтар қонақтар қақпасына 33 минутта тағы шайба салды. Бұл жолы қақпашыдан айласын асырған - Архипов. Ал ойындағы соңғы нүктені өскемендік өрендер «Арлан» құрамасының жаттықтырушысы алаңға 6-шы ойыншыны шығарғанда қойды.  Өскемендік тағы бір команда «Алтай Торпедо» хоккейшілері өз алаңында жеңілістің ащы дәмін татты. Плей-офф-қа жолдама алуды көздеген алматылықтар «Алтай Торпедоны» аямады, қақпаға жауапсыз 6 шайба салды.   Бүгін өскемендік екі команда сәйкесінше аталған қарсыластарымен қарымта кездесу өткізеді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар