ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ: СПОРТТАҒЫ ЖЕТІСТІКТЕР

17:19, 17 ақпан 2021

Қазақстан тәуелсіз ел атанып, еңсесін көтерген 30 жыл ішінде спортшылар талай белесті бағындырды. Түрлі әлемдік додаларда, Олимпиада ойындарында көк туымыз желбіреп, сан мәрте әнұранымыз шырқалды. Қазақ спортының әлеуеті арта түсті. Осы 30 жыл ішінде еліміздің спорты қандай белестерді бағындырды? Тілшіміз тарқатсын. Ел намысын қорғап, қанжығасына түрлі додалардан жүлде байлаған спортшыларымыз әлемдік спорттың дамуына теңдесіз үлес қосып келеді. Тәуелсіздік жылдарында елде осы саланы дамыту мақсатында көптеген спорт нысандары да бой көтерді. Қазақ спорты жаңа тыныс алып қана қоймай, түрлі халықаралық спорт сайыстарын өткізуге де мүмкіндік алды. Мәселен, 2011 жылы қаңтар-ақпан айларында Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тұңғыш рет VII Қысқы Азиада ойындары өтті. Азиада ойындарының өткізілуі ең алдымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерінің арқасында мүмкін болды. Әлемдік қаржы дағдарысының салдарларына қарамастан Елбасының тапсырмасы бойынша Азиада ойындары үшін арнайы республиканың негізгі екі қаласында бірегей спорт кешендері салынды. Бой көтерген ол ғимараттар бүгінде елдің спорт инфрақұрылымының маңызды элементтері бола отырып, азаматтарды саламатты өмір салтына кеңінен тарту ісіне қызмет етуде. Спорттағы ең биік шың - Олимпиада ойындары. Ел спортшылары 1996 жылдан бері  олимпиадан жалпы саны 64 медаль еншілеген. Жеңістің биік тұғырынан көрінгендер арасында жерлесіміз, 3 аттап секіруден 2012 жылы Лондонда өткен жазғы Олимпиаданың чемпионы, жеңіл атлет Ольга Рыпакова да бар. Тәуелсіз Қазақстан тарихында қол жеткізген спорттық жетістіктеріміз аз емес. Ұлттық спорт түрлерін де қайта жандандырдық. Нақтырақ айтсақ ұлттық ойындардың 25 түрі қайта жаңғырды.  Қазіргі таңда білім ошақтарында дене шынықтыру сабақтарында «қазақ күресі», «тоғызқұмалақ», «асық ату» сияқты ұлттық спорт түрлері міндетті компонент ретінде енгізілуде.«Қазақ күресі», «Саятшылық», «Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» секілді ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді. «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі ұлттық  брендке айналды. Сондай-ақ, «Әлем Барысы», «Әскер Барысы»,«Жас Барыс» сынды жарыстардың да мәртебесі күннен-күнге артып келеді. 2013 жылы  «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде жерлесіміз Айбек Нұғымаров жеңімпаз атанды. Тәуелсіздіктің 30 жылын еңсерген Қазақстанның спорт тарихында жеткен жетістігі мұнымен шектелмейді.  Спорт патриоттық сезімді оятып қана қоймай, Отанға деген сүйіспеншілікті арттырып бекемдейтін басты күш.

 

Тақырып бойынша материалдар

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ
17:15, 2 наурыз 2021
ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
13:36, 25 ақпан 2021
ҚОҒАМДЫҚ ТАМАҚТАНУ ОРЫНДАРЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Толығырақ...