ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ПЛЕЙ-ОФФ КЕЗЕҢІ БАСТАЛДЫ

13:38, 15 наурыз 2021

Өскемендік «Торпедо» хоккейден Қазақстан біріншілігінің ширек финалында «Алматы» клубымен кездесті. Қос кездесуде де өскемендік хоккейшілер жеңіске жетіп, плей-офф сериясында 2-0 есебімен алға шықты. Ойындағы есеп 8 минутта ашылды. Архипов жойқын соққымен қарсылас қақпасын тесіп кете жаздады. Тағы 8 минуттан кейін алматылықтар сан басымдығын ұтымды пайдаланып,есепті теңестірді. Шайба авторы – Баженов. Екінші кезең бастала сала небәрі 3 минут ішінде қонақтар екі шайба соғып үлгерді. Көп ұзамай алматылықтар есеп айырмасын бір шайбаға қысқартты. Артынша, өскемендіктер жауапсыз 3 шайба соқты. Петросян, Савицкий және Белохонов бір-бір шайбамен көзге түсті.  «Алматы» мен «Торпедо» арасындағы екінші кездесу мүлдем басқаша өрбіді. Қонақтар қайтадан есепті бірінші болып ашты. Шайба авторы Александр Шин. Сәл кейінірек алматылықтар таразы басын теңестірді. Клемешовтың бағыттаған соққысын Шутов ұстай алмады. 16 минутта "Торпедо" сан басымдығын пайдаланып, Дзедаевтың керемет соққысының арқасында қайтадан алға шықты. Алайда, 36 секундтан кейін «Алматы» клубының қорғаушысы Руслан Құрсақбаев көк жолақтан жасаған соққысымен есепті қайтадан теңестірді. Ал матчтың 23-минутында алаң иелері бірінші рет есепте алға шықты. Керемет шабуылдан кейін қонақтар қақпашысын қапы қалдырып, Юшков бос қақпаны дәл көздеді. Иван Кучин есепті теңестіріп, көп ұзамай дубль авторы атанды. Осылайша, 3-4 есебімен "Торпедо" тағы да жеңіске жетті. Ширек финалдық плей-офф сериясының үшінші және төртінші кездесуі Өскеменде 17, 18 наурызда өтеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар