ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

БҮЛДІРШІНДЕРІМІЗ БӘЙГЕЛІ БОЛДЫ

17:15, 30 сәуір 2021

7-9 сәуір аралығында Көкшетау қаласында 2010  және одан кейінгі жылдары дүниеге келген балалар арасында жүзуден «Бурабай маржаны» атты республикалық чемпионат өткен болатын. Осы жарыста 50, 100, 200 метр қашықтықтары бойынша бақ сынаған өскемендік өрендер жүлделі оралды. Республикалық деңгейде ұйымдастырылған суға жүзу сайысына еліміздің түпкір-түпкірінен 130 ұл мен 92 қыз қатысып, алтын, күміс және қола медальдарды өзара сарапқа салды. Ерекше атап өтерлігі, облысымыздың намысын қорғауға барған 10 баланың  9 –ы жүлдеге ие болып,  2 оқушы рекорд жаңартты. Санжар Әбденов және Тайисия Короткованың бұл спорт түрімен шұғылданып жүргеніне 6 жылдай уақыт болыпты. Олар тынымсыз еңбектерінің арқасында көптеген жарыстарға қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Ата-аналардың көбісі балаларын спорттың осы түріне баулығанды жөн көреді. Өйткені, суда жүзу баланың физикалық дамуын жақсартуға үлкен сеп. Намыста қолдан бермейтін кішкентай бүлдіршіндердің бұл жеңісі өсіп келе жатқан жеткіншектер үшін үлгі болмақ.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар