ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

ӨСКЕМЕНДІ ҚОС КОМАНДА ДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

13:34, 20 қаңтар 2021

Шайбалы хоккейден өтіп жатқан ел біріншілігі аясында Өскеменнің екі командасы кезекті кездесулерін өткізді. «Торпедо» Көкшетауда жергілікті «Арланды» матч соңындағы булиттер сериясында екінші рет қатарынан жеңді, ал «Алтай Торпедо» өз айдынында «Алматы» хоккей клубынан есе қайтарды. «Алтай-Торпедо» хоккейшілері алматылықтардан 6-0 есебімен ойсырай жеңілгендіктен, қарымта кездесуде барын салды. Командалар тартысты ойын өрнегін көрсетіп, бір-бірінің қақпаларын торуылдаумен болды. Алайда, есеп тек 18 минутта, Белохоновтың шайбасынан кейін ашылды. Алайда, бар болғаны 15 секундтан кейін шайба «Алтай Торпедо» қақпасына кірді. Бұдан кейін ойын біршама саябырсыды, тек негізгі уақыт аяқталар тұста алматылықтар қарымта шабуыл ұйымдастырып, есепте алға шықты. Небәрі бір минуттан кейін Жанғазинов сан басымдығын сәтті пайдаланып, таразы басын теңестірді. Ойын аяқталуға 47 секунд қалғанда Жанғазинов Алтайды қайтадан алға шығарып, дубль авторы атанды. Алматылықтар қақпашының орнына 6 –ы ойыншыны шығарғанымен, бұл көмектесе қойған жоқ. Айдын иелері бос қақпаға 4 шайбаны соқты. Чемпионат көшбасшысы «Торпедо» Көкшетауда жергілікті «Арланмен» екінші ойынын өткізді. Алдыңғы кездесуде өскемендіктер қарсыластарынан 3-1 есебімен басым түскен болатын. Бұл жолы көкшетаулықтар оңайлықпен берісе қоймады. Матч овертаймға ұласып, жеңімпазды ойын соңындағы булиттер сериясында анықтауға тура келді. Жеңіс шайбасын шабуылшы Дмитрий Гренц соқты.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар