ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Өскеменде жағажай волейболы алаңы ашылды

13:34, 1 маусым 2021

1 маусым балаларды қорғау күніне орай Өскемендегі Комсомол аралында тұңғыш жағажай волейболы алаңы ашылды. Жаңа спорт кешенінің ашылуы құрметіне қала әкімінің кубогі үшін ашық турнир ұйымдастырылды. Өскемен - спортшылардың мекені. Мұнда халықаралық  және республикалық дәрежедегі түрлі жарыстар жиі өткізіліп тұрады. Ал облыс орталығындағы алғашқы  жағажай волейболы алаңының ашылуына орай өткізіліп жатқан, төрт күнге созылатын тартысты доданың алғашқы добын соғу қала әкімі Жақсылық Омарға табысталды.    1920 жылы Калифорниядан бастау алған жағажай волейболы жастардың сүйікті спорт түрлерінің қатарына жатады. Салтанатты шараға арнайы келген волейбол федерациясының өкілі қала әкіміне жастарды спортпен көбірек шұғылдануына қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Айта кетейік, алаңға өзеннің тазартылған құмдары төгіліп, жаңа волейбол торлары орнатылған. Ал қала әкімінің кубогі үшін өтіп жатқан сайы 3 маусымға дейін жалғасады. 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар