ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Олимпиада күні

17:15, 11 маусым 2021

Өскеменде дәстүрлі «Олимпиада күні» спорттық шарасы өтті. Халықаралық сипатқа ие болған ауқымды шарадан жергілікті жас спортшылар да шет қалмады.  60-тан астам жеңіл атлетші бірнеше сын бойынша өзара сайысты.  «Олимпиада күнін» атап өту – жалпақ жұртқа салауатты өмір салтын насихаттауды көздейді. Әлем бойынша 200-ден астам Ұлттық Олимпиада комитеттері бұл іс-шараны атап өтуге мұрындық болып келеді. Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова бұл жолғы сайыста бағын сынаған балғындарға келіп, жас спортшылардың қарымын бағамдады. Шараға 60-тан астам жас жеңіл атлетші қатысты. Олар 50 және 200 метрлік қашықтыққа жылдамдыққа жүгіріп, ұзындыққа секірді, кедергілерді қарғып, бар өнерлерін ортаға салды. Иә, шарадан шет қалмаған әр спортшы өз мүмкіндіктерін барынша көрсетуге тырысты. Араларында спортқа енді бет бұрғандарымен қоса, республикалық додаларда топ жарып жүрген жасөспірімдер де бар. «Олимпиада күнінде» өнер көрсеткен жасөспірімдер ішіндегі ең жоғары көрсеткіш - 200 метрлік қашықтықты 26.6 секунд ішінде бағындырған спортшының нәтижесі. Енді жеңіл атлетикадан облыстың олимпиадалық резервтегі мектебінің осы тәрбиеленушілері алда өтетін республикалық чемпионатқа іріктеуге дайындықты күшейтпек.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда
17:19, 8 маусым 2021
Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар