ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

МҰЗДАҒЫ МОТОЖАРЫС

13:36, 24 ақпан 2021

Спидвей - мотоцикл спортының ең қиын әрі қауіпті түрі. Соған қарамастан қызықты спортқа жұртшылықтың ықыласы ерекше. Жақында Риддер қаласында мұздағы мотожарыстан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дәстүрлі түрде өткізілетін ел біріншілігі биыл ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған. Бесінші жыл қатарынан өткізіліп отырған дүбірлі додаға елдің бес қаласынан спортшылар қатысты. Риддер, Өскемен, Семей және Алматы қалаларынан келген қатысушылар үздіктер қатарынан көрінуі үшін барын салды. Карантиндік шектеулерге байланысты биылғы сайыс көрермендерсіз өткізілді. Алайда мотожарыс жанкүйерлері ел біріншілігін әлеуметтік желілерде тікелей көрсетілім арқылы тамашалауға мүмкіндік алды. Қатысушылардың айтуынша,  көрермендердің қолдауы әрқашан маңызды. Ең бастысы жас жеткіншектердің осы спортқа деген қызығушылықтарының артуы көңіл қуантарлық. Сайыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Алматы қаласынан келген Павел Некрасов еншіледі. Ал екінші орынға риддерлік Сергей Серов тұрақтаса, үшінші орынды алматылық Денис Слепухин иеленді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар