ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Мұз айдынындағы чемпионат

13:30, 15 қараша 2021

Қимылдары аса күрделі, әуені құлаққа жағымды, костюмі көздің жауын алатын мұз үстінде өрнек салатындар сайысы қашанда жұрт назарында. Тынымсыз еңбек пен асқан ептілікті талап ететін мәнерлеп сырғанау аймақта қанатын кеңге жая бастады. Соның дәлелі Өскеменде өткен мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан Республикасының чемпионаты. Әлемдік дүбірлі додаларда қазақ елінің аты жиі аталып жүр. Жерлесіміз Денис Теннің  ел тарихындағы тұңғыш және жалғыз Олимпиада медалі талай жеткіншектің қиялына қанат бітіргені анық. Бүгінде спортшының ізін басатын жасөспірімдер шығыста да жетерлік. Облыс орталығындағы ел біріншілігіне елдің түкпір-түкпірінен келген 150-ден астам спортшы қатысты. Байрақты бәсекеде жас мәнерлеп сырғанаушыдан ҚР спорт шебері дәрежесіне дейінгі қатысушылар өзара бақ сынасты.Мәнерлеп сырғанау, әсіресе, соңғы жылдары жастар белсенді айналысатын спорт түріне айналды. Әу бастағы әуесқойлығы бүгінде кәсіби деңгейге ұласқан қаршадай қыздар мен ұлдар бар өнерлер ортаға салды. Мәнерлеп сырғанаушылар жекелей сында қысқа және еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетеді. Болашақта спортшылар да, жаттықтырушылары да бағындырар белестің, алар асудың алда екеніне сенімді.Чемпионат соңында барлық сайысқа қатысушылар марапатталып, оларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда
17:19, 8 маусым 2021
Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар