ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Марапатқа лайық мықтылар

17:15, 27 мамыр 2021

Ұлан ауданында өскелең ұрпақты спортқа баулу мен жасөспірімдер арасында насихаттау, дамыту шараларына көп көңіл бөлінеді. Түрлі байрақты бәсекелерде топ жарып жүрген жергілікті саңлақтар да аз емес. Бүгін спортта биіктен көрінген ауданның бірқатар жастары марапатталды. Кілең «сен тұр мен атайын» деген жалынды жастар. Ынталы, жеңіске ғана ұмтылған өрендер дейді жаттықтырушылары. Солай екені де рас. Олардың көпшілігі облыстық, республикалық сайыстарда оза шауып жүр. Айшагүл Елеубаева спортта жетістіктерімен дараланып жүрген ұландық бойжеткен. Талабы мен талантының арқасында жасына қарамай, бокстан ҚР екі дүркін чемпионы. Бұл жеңістер тек табандылық пен үзбей жаттығудың көмегімен ғана келеді дейді жас спортшы Ал Берік Мусин 2020 жылдың ең үздік бапкері деп танылды. Осы уақыт ішінде оның көптеген шәкірттері талай додада жеңіс тұғырынан көрініп жүр. Спортта жеңіске талмай еңбектенген, алдына нақты мақсат қойған жандар жетеді. Ал бұл жастардың жеңісті жолдары әлі алда.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар