ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Қазақстандық теннисшілер жартылай финалда

17:19, 8 маусым 2021

Қазақстандық теннисшілер Александр Бублик пен Андрей Голубев жұптық сында Ролан Гаррос турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Қазақстан теннис федерациясы баспасөз қызметі. Қазақстандық жұп Франция ашық чемпионатының ширек финалында монаколық Хьюго Нис - германиялық Тим Пюцпен күш сынасты.Александр Бублик пен Андрей Голубев матчты бірден брейкпен бастады – 2:0. Тағы бір брейк – 5:2. Бұдан кейін монаколық-германиялық жұп есепті қысқартқанымен, сет қазақстандықтардың еншісінде кетті – 6:4. Қазақстандық жұп екінші сетте де 2:0 есебімен алға шықты. Ақыры осы басымдылықты сақтап, кездесуді сәтті аяқтады. Бәсеке 1 сағат 16 минутқа созылды. Қазақстандық жұп финалға шығу үшін испаниялықтар Пабло Андухар – Педро Мартинеспен таласады. Сондай-ақ, отандық теннисші Елена Рыбакина жұптық сында да Ролан Гаррос турнирінің ширек финалына шыққанын айта кеткен жөн.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Өскеменде жағажай волейболы алаңы ашылды
13:34, 1 маусым 2021
Өскеменде жағажай волейболы алаңы ашылды
Толығырақ...
 «Арена» – көпшіліктің сүйікті демалыс орны
13:30, 1 маусым 2021
«Арена» – көпшіліктің сүйікті демалыс орны
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...