ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІН МЕҢГЕРГЕН БОЙЖЕТКЕН

17:15, 29 сәуір 2021

Бүгінде қазақ күресі елімізде танымал спорт түрінің біріне айналды. Қазір бабадан қалған бағлан өнерімізді тек білекті жігіттер ғана емес, бұрымдыларымыз  да меңгеріп, дүбірлі додаларда атой салып жүр. Сондай аруларымыздың бірі – Айдана Кәменова. Айдананың дзюдомен айналысып келе жатқанына 5 жыл болыпты. Осы аралықта бірнеше мәрте байрақты бәскелерге қатысып, жүлделі орындардан көрінген. Дзюдомен қатар қазақ күресін де жетік меңгерген бойжеткен облыстық олимпиадалық резервтегі спортшыларды дайындайтын мектепте жаттығады. Айдананың бапкері Болат Бейсенбинов 2000 жылдардан бері  дзюдо бойынша шәкірт тәрбиелеп келеді. Айтуынша, Айданаға ел чемпионатында сәл ғана тәжірибе жетіспеді. Дегенмен, боз кілемдегі алғашқы белдесуі болғандықтан, нәтиже көңіл толтырарлық. Әйелдер арасындағы қазақ күресі енді-енді дамып келе жатқандықтан, байрақты бәсекелерге қатысуға ниетті. Қазір Айдана Кәменова бапкері екеуі алдағы уақытта Алматыда өтетін дзюдодан Азия кубогіне дайындалу үстінде. Болат Бейсенбинов шәкіртінің жүлделі оралатынына сенімді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар