ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ БАСТАЛДЫ

17:15, 2 наурыз 2021

Өскеменде 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында еркін күрестен Қазақстан чемпионаты басталды. Бозкілемде еркін күрес шеберлері өзара мықтыны анықтауда. Бүгін, яғни жарыстың алғашқы күнінде үш салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар белгілі болады. Дәстүрлі түрде өткізілетін дүбірлі додада еліміздің 15 облысынан және Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларынан барлығы 280 спортшы бақ сынайды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген балуандар 10 салмақ бойынша өзара мықтыны анықтап, үздіктері ұлттық құрамаға жолдама алады. Шығысқазақстандық еркін күрес шеберлері де бұл додада аянып қалмады. Аймақтың намысын қорғайтын 24 спортшы үздіктер қатарынан көріну үшін тырысып бағуда. Жарыстың екінші күні балуандар бәсекесін қалған салмақ дәрежесіндегі спортшылар жалғастырып, үшінші күні әйелдер сынға түседі. Ел чемпионаты карантин талаптарын сақтай отырып өткізілуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар