ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

БЕСІНШІ РЕТ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

13:30, 30 наурыз 2021

Павлодар қаласында өткен ҚР тұрақты чемпионатында "Алтай" әйелдер командасы бесінші рет чемпион атанды. Шығыс Қазақстан волейболшылары кезекті рет тамаша ойын өрнегін көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. Финалдық матчта 3:1 есебімен Талдықорған командасынан басым түсті. Сана Анарқұлова үздік ойыншы деп танылды. Айта кетейік, жартылай финалда "Алтай" турнир кестесінде төртінші орында тұрған "Алматы" командасымен сайысқа түсті. Финалда кәнігі қарсыластары "Жетісу" командасымен жолығып, бірінші күні 3:2, екінші күні 3:1 есебімен жеңіске жетті.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар