ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«Арена» – көпшіліктің сүйікті демалыс орны

13:30, 1 маусым 2021

Дені сау ұрпақ-ұлт болашағы. Семейдегі "Қарағайлы" шағын ауданының «Арена» көпсалалы мәдени-спорт кешенінде 7 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған бірнеше спорт үйірмелері жұмыс істейді. Ал саябақ аймағы семейліктердің сүйікті демалыс орнына айналды. Қала тұрғындары мұнда велосипедпен, скейтбордпен серуендеуге және таза ауада демалуға келеді. "Арена" көпсалалы мәдени-спорт кешені 2019 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында ашылды. Кешен үш блоктан тұрады. 5500 орындық стадионда ауқымды іс - шаралар өткізуге болады. Сондай-ақ, онда көрермендерге арналған мінбелері бар әмбебап бассейн және жалпы ауданы 9 мың шаршы метрден асатын спорттық-ойын-сауық кешені бар . Бұған қоса 9 жастан 14 жасқа дейінгі балаларға арналған тегін спорттық секциялар жұмыс істейді. Спорт кешені заманауи талаптарға сай жабдықталған. Балалармен тәжірибелі жаттықтырушылар айналысады. Олардың барлығының педагогикалық білімі бар. Білікті жаттықтырушылардың шеберлік сабақтарынан өткен жас спортшылардың нәтижелері жаман емес. Балалар күн сайын тәжірибе жинап, алдағы жарыстарға дайындалады. Саябақ аумағында баскетбол және футбол алаңдары мен қалада жалғыз скейтпарк бар. Келушілерге ыңғайлы болу үшін орындықтар мен әткеншектер орнатылған. Бейнебақылау камералары бар, жарықтандыру жақсы. Асфальт төселген велосипед жолы мен жаяу жүргіншілер жолы жасалған. Бірнеше жыл бұрын бұл жердің ашық алаңқай болғанына сену қиын. Бүгінде "Қарағайлы" шағын ауданы қаланың көрікті жеріне айналды. Кешке қарай түрлі-түсті түрге енетін сазды субұрқақ, ландшафтты дизайн мен әдемі шамдар ерекше көңіл-күй сыйлайды. Субұрқақтан өзге мұнда арнайы тоған бар,сәндік аркалар  сәулетін асқақтатып тұрады. Кешен аумағына келгендер бұл жерде өздерін өзге елде  жүргендей сезінетіндерін айтады. 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар