ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

«АЛТАЙ ТОРПЕДО» ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢІЛДІ

13:38, 23 желтоқсан 2020

Ерлер арасында өтіп жатқан ел біріншілігінде өскемендік «Алтай Торпедо» көкшетаулық «Арлан» құрамасына ірі есеппен есе жіберді. Толығырақ келесі бейнематериалда. Ойындағы алғашқы шайбаны «Алтай Торпедо» салды. Шабуылға түгелдей ұмтылған көкшетаулықтар өз алаңдарын ұмыт қалдырды. Жағдайда ұтымды пайдаланған Бабушкин ойынның 9-шы минутында есепті ашты. Кездесудің бел ортасына дейін есеп өзгерген жоқ. Тек ойынның екінші кезеңінен бастап «Арлан» ойыншылары қарсыласты толассыз шабуылдарымен есеңгіретті. Төгілген тер еш кетпей көкшетаулықтар қарсылас қақпасына үш бірдей шайба салды. Қарсылас қақпасынан саңылау тапқандар Шитиков, Ермолаев және Сметанин. Қорытынды есеп 5:1. Бұл ойынға дейін «Алтай Торпедо» плей-офф аймағында еді. Ал енді тек оныншы орынды қанағат етуде. Бүгін өскемендік өрендер көкшетаулық құрамамен екінші ойын өткізетін болады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар