ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

13:31, 26 қараша 2021

Өскеменде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды. Шараны қаладағы сауда орталықтарының бірінде жергілікті полиция департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды. Акцияның негізгі мақсаты қоғамдағы өзекті проблеманың  алдын алу.Жыл басынан бері 117 азамат тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбанына айналған. Ал оның 84-і әйелдерге қатысты. 8мың азамат ІІО есепте тұр. Мамандар  отбасылық ұрысқа көбінесе жаман әдетке әуес болу, материалдық тапшылық, қызғаныш және бір-бірін кемсітушілік себеп болатынын айтады. Жергілікті құқық қорғау органдарының өкілдері бүгін Өскеменде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау, ана мен баланы қорғау, қоғамдағы отбасының рөлін күшейту мақсатында сауда орталықтарының бірінде акция өткізді. Полиция департаментінің мамандары осылайша әйелдер мен балалардың құқығын қорғауға ниетті.Акцияның басты нышаны ретінде ақ түсті лента таңдалып алынған. Полиция департаменті өкілдерімен күш біріктірген үкіметтік емес ұйымдар мен дағдарыс орталықтарының мамандары аталған шара арқылы қоғамда дәл осындай проблема барына назар аудартпақ. Тұрғындар жағы да әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы екендерін білдіруде.Қазіргі кезде қоғамда шешілмей отырған көп мәселелердің бірі отбасындағы әйелдерге қатысты тұрмыстағы зорлық-зомбылықтар. Полиция департаменті өкілдері мұндай акциялар арқылы адамдардың заңдық тұрғыда сауаты артатынына сенімді.     

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар