ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Зиянкестермен күрес

17:16, 21 маусым 2022

Өңірде егіс аумағындағы зиянкестермен, атап айтқанда шегірткемен белсенді күрес басталды. Биыл зиянкестердің 35 мыңнан астам гектар аумаққа таралуы мүмкін деген болжам бар. Олармен күрес жұмыстарына қажетті дәрілік химикаттар алынған. Техникалар да сақадай сай.

Облыс аумағында жалпы 10-ға жуық зиянкестің түрі белгілі. Аумақтық инспекция мамандарының сөзінше биыл бюджеттен үйірлі шегірткеге қарсы қаржы бөлінген.

Зиянкестерге қарсы өңдеу жұмыстары алдағы уақытта Абай, Бесқарағай, Зайсан, Көкпекті, Күршім мен тарбағатай аудандарында және Семей қаласында жоспарланған. Ал оған арнаулы 5 желдеткішті бүріккіштер таратылып, бір жеңіл ұшақ жұмыс істейді.

Сондай-ақ мамандар мәліметінше облыстың басқа өңірлерінде аса қауіпті зиянкестердің таралуы болмаған. Дегенмен бұл саяқ шегірткеден қауіп жоқ деген сөз емес. Жалпы өңдеу жұмыстары мен күрес мәселесі аумақтық инспекцияның тұрақты бақылауында.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар