ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жыр болған жанармай бекеті

17:15, 4 мамыр 2022

Жалғыз жанар-жағрамай бекетіміз жабылмаса екен. Ұлан ауданына қарасты Асубұлақ ауылының тұрғындары осылай деп билік басындағылардан көмек сұрайды.  Аталған жанар-жағрамай бекетінің қызметін бірнеше  елді-мекен пайдаланады екен.

Бұл Асубұлақ ауылының тұрғындары. Басты мәселелері тұрғылықты жерлерінде орыналасқан жалғыз жанармай бекеті. Жабылады дегенді естігеннен бері бек мазалары қашып жүр. Біздің үнімізді біреу естісе дейді.

Бұл жағармай бекетінің жұмыс істеп тұрғанына жарты ғасыр болған. Жабылатын болса  ауылдың бірнеше тұрғыны  жұмыссыз қалмақ. Жалпы атлаған бекетке 10-ға жуық ауылдың күні қарап отыр. Тұрғындар 100 шақырымдағы облыс орталығына жанармай үшін бару тиімсіз екенін айтады.

Түйінді мәселені аудандық әкімдіктегілер қалай шешпек? Қам-қарекетін білмекке арнайы бардық.

Әкімдіктегілер қазіргі  Асубұлақ ауылындағы жанармай бекетінің басшылығыменде келіссөз өткізіпті. Жабылу себебі, ол жерге жеткізілетін жанармай өз шығынын ақтамайтын көрінеді. Аудан әкімі орынбасарының айтуынша сол бекетте қызмет істеп жатқан ауыл адамдары жұмыссыз қалмайды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар