ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жылыту маусымына дайындық

13:31, 21 маусым 2022

Жылыту маусымына дайындық мәселесі қала және аудан әкімдерімен өткізілген кеңесте талқыланды. Облыс басшысы Даниал Ахметов Риддер қаласындағы жағдайға баса назар аударып, жылу электр орталығындағы қазандықтардың әбден тозғандығын, алдын-алу шараларының жасалуы қажеттігін атап өтті.   

Мамандардың айтуынша, кәсіпорындағы қазандықтар шұғыл жөндеуді қажет етеді. Себебі олардың жайы мүлде сын көтермейді. Облыс әкімі Риддер қаласының жылыту маусымына уақытылы қосылуы үшін қолдан келген барлық шараларды жасау қажеттігін тапсырды.  

Қазіргі таңда өңірдің әлеуметтік нысандарына отын жеткізу жалғасуда. Жиын барысында инфляциялық өзгерістерге тосқауыл қою мәселесі де талқыланды. Мониторингтік топтар 11 қала мен аудандардағы 2500 дүкенді тексеріп, 11 заң бұзушылықты анықтаған. Осыған қатысты Тарбағатай мен Самар ауданында жұмыс күшеймек.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар