ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі

17:31, 29 қараша 2021

Соңғы кездері газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан оқыс оқиғалар жиі туындауда. Әсіресе қыс мезгілінде. ТЖД мамандары  жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі маңызды екенін ескертеді.Өрт, су, газ – қайсысынан болмасын қауіпсіздік шарасын сақтамаса, келетін қауіп орасан. Соның ішінде газды тұрмыста қауіпсіз пайдалану – адам өмірі үшін аса маңызды. Сала мамандарының айтуынша, Облыс тұрғындарының 80% - дан астамы газ баллондарын қолданады. Алайда, көгілдір отынды пайдаланушылардың барлығы дерлік техникалық қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Мұндай салғырттықтың соңы қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Айта кетейік, ағымдағы жылы аймақта 5-тен астам осындай өрт оқиғасы тіркелген. Нәтижесінде, 6 адам зардап шегіп, 1 азамат жан тапсырды. Осы орайда төтеншелік мамандар газ жарылысының салдары ауыр екенін айтып дабыл қағуда. 1 текше метр газдың жанып кетуі үшін оған он есе көп ауа қажет. Сондықтан, газ қондырғылары тұрған бөлменің дұрыс желдетілуі аса маңызды.Жыл сайын тұрғындарға түрлі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Соған қарамастан, тұрғындардың салғырттығынан газдан улану, оның жарылу оқиғаларының көрсеткіші азаймай тұр, - дейді мамандар. Айта кетейік, бұл жабдықтарды өздігінен орнатуға болмайды.  Міндетті түрде газ компаниясының маманын шақырту керек.Жыл басынан бері облыс бойынша 45 жағдай анықталды. Тұрғындарға ескерту жасалды. Ал қайта жүргізілген рейд кезінде олқылықтар жойылған. Төтенше жағдайлар қызметі көптеген түсіндіру жұмыстары мен тұрғындар арасында арнайы жиындар өткізуде.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар