ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Жылу қазандықтары жаңғыртылады

13:32, 10 маусым 2021

Семейде жылу қазандықтарын жөндеу мен жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Еске сала кетейік, қала тұрғындары үшін былтыр сары шұнақ аязда нағыз сынақ басталған еді. Себебі, аяздың беті қайтпаған уақытта семейліктер тарапынан арыз-шағым көбейіп, жағдай күрделене түскен болатын. Қазіргі таңда олқылықтарды ретке келтіру,  құрал-жабдықтарды толығымен жөндеу мен гигакалориялардың тапшылығын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Семейге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Даниал Ахметов тұрғындар тарапынан сынға ұшыраған жылу қазандықтарының жұмысымен танысты. Ең әуелі аймақ басшысы «Ғаббасова» қазандығында жүргізіліп жатқан жұмыстарды көрді. Бұл қазандықта жаңғырту жұмыстары сәуір айында басталған. Бөлінген қаржы 218 млн.теңгені құрайды. Жоспарланған шаралар аяқталса қазандық қуаттылығы 17,2 гигакалорияға ұлғаяды. Ал 2022 жылы бұл көрсеткішті 20  гигакалорияға дейін жеткізу көзделген. Сонай-ақ облыс әкімі «103» және «103А» қазандықтарының жай-күйімен танысты. Бұл жердегі жөндеу жұмыстарына 256,2 млн.теңге қаржы қарастырылған. Жоспарлы қуаттылықты арттыру көрсеткіші 20,5 гигакалорияға тең. Ал 2022 жылы жалпы қуаттылықты 60  гигакалорияға арттыру  көзделген. Жөндеу жұмыстарын қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда. Аймақ басшысы 2020-2021 жылу маусымының барлық қателіктері ескерілгенін, ақша алдын ала бөлініп,  1 қыркүйекке қарай барлық қазандықтар жұмысқа дайын болатынын да айтты. Мысалы, орталық қазандықтың қуаты 200 гигакалорияға ұлғайтылады, бұдан бөлек автожол көпірін қайта жаңарту жұмысы аясында магистральді жылыту мәселесі де қарастырылады. Ал тапшылық 70 гигакалориядан астам болған "Орталық" қазандығында жабдықты жөндеу 15 тамызға қарай аяқталады. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, жылу шығынына байланысты бірқатар мәселелер туындап отыр. Мәселен, жоғалған жылудан жылына бір жарым миллиард теңге көлемінде зиян келеді. Аймақ басшысы бұл мәселені толық зерделеуді тапсырды. Ал "РК-3" қазандығына ерекше назар аударылмақ. Себебі, бұл қазандық  Қарғайлы жаңа шағын ауданын жылумен қамтамасыз етеді. Қазандықтарды жаңғырту өткен жылғы жағдайларды болдырмауға ғана емес, ең алдымен қазандықтардың қажеттіліктерін жабатын электр энергиясын өндіруге мүмкіндік бермек.

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...