ШҰҒЫЛ! ЖАҢА БАСПАНАЛАР ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Толығырақ

ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШ ҚҰРАЛДАР

13:36, 29 сәуір 2021

Көп қабатты үйде тұратын тұрғындар мемлекеттік бағдарламаның көмегімен үйлеріне жылу есептегіш құралдарды орната алады. Жоба екі механизм арқылы жүзеге асатын болады. Жылу есептегіш құралдар шын мәнінде тұрғындардың ақшаларын үнемдеп, үйдегі жылуды өз бақылауларында ұстауына мүмкіндік бере ме? Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаментінде өткен онлайн брифингте осы сұрақтарға жауап берілді. Брифингке мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты. Жиында жылу энергиясын жабдықтау үшін төлемді үнемдеудің жолдары ұсынылды. Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату –жылуға төленетін ақы құнын үнемдеуге септігін тигізеді дейді салаға жауаптылар. Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын орнатудың бүгінде екі механизмі қарастырылуда. Бірінші тәсілі табиғи монополияларды реттеу заңнамасында қарастырылғандай, тұтынушылар есебінен төленеді. Бір құрылғының бағасы 700 мың теңгенің көлемінде. Екінші тәсіл бойынша облыс орталығының тұрғындары «Өскемен қаласы жылу жүйелері» АҚ, Семей қаласының тұрғындары теплокоммунэнерго кәсіпорындарына барып өтінім қалдыру арқылы жүзеге асады.  Жалпыүйлік жылу энергиясын есептеу құралдарын орнату бойынша туындаған сұрақтар алдағы уақытта шешімін табатын болады. Мәселен жертөлесі жоқ көпқабатты үйлерде арнайы жәшіктер орнату қарастырылуда.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
13:34, 17 мамыр 2021
ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ КЕЛУШІЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУҒА ДАЙЫН БА?
Толығырақ...
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
13:30, 17 мамыр 2021
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАЙТЫН ҚОР АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар