ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Жылқыны тірідей көлікке тиейтін ұры ұсталды

13:34, 14 қыркүйек 2021

ШҚО-да мал ұрлығымен жүйелі түрде айналысқан ұры оқиға орнында қолға түсті. Күдікті жеңіл көліктің салонына жылқыны тірідей тиеп әкетпек болған. Облыстың полиция қызметкерлері тиісті іздеу-тергеу шараларын жүргізу барысында мал ұрлығымен айналысқан Ұлан ауданының 31 жастағы тұрғынын анықтады. Ұры мал жайылымынан ұрланған малды бірден соймай, оңаша жерге алып кетіп, содан кейін ғана сатып алушы іздеген. Оны жолда тоқтатқан патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күдіктіні көліктің салонындағы тірі жылқымен бірге полиция бөліміне жеткізген. Ең қызығы, ол өзі мойындағандай жануарларды тірі күйінде көліктің салонына, яғни артқы орындыққа сыйғызып, оқиға орнынан әкетіп отырған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар