ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жылдың жастар акциясы

13:32, 25 қараша 2021

Өскеменде жылдың жастар акциясы өтті. Іс-шара барысында әр салада жетістікке жеткен үздіктер 7 номинация бойынша  марапатталды.Желтоқсан айы халқымыз үшін айтулы мерекелерге толы ай. Биыл әлем елдерін мойындатып, бабалар аңсаған қастерлі азаттығымызға қол жеткізгенімізге 30 жыл. Сонымен қоса, алдағы күндері республика көлемінде Тұңғыш Президент күні аталып өтеді. Тәуелсіздік күні қарсаңында елордада  өткен «Тәуелсіздік ұрпақтары» форумында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан жастарына үндеу жолдаған еді.«Тәуелсіздік ұрпақтары» форумында сөз сөйлеген Елбасы сол тарихи кезеңде дүниеге келген ұрпақ қазір орда бұзар 30-ға келгенін ерекше атап өтті. Еліміздің Тұңғыш Президенті қазақстандық қыз-жігіттерді білім мен ғылым жолынан таймай, ұлт мүддесі үшін аянбай еңбектенуге шақырды. Нұр-Сұлтанда өткен дүбірлі жиынның жалғасы өңірлерде де көрініс тапты. Өскеменде жылдың жастар акциясы өтті. Екі күнге созылған іс-шара барысында мотивациялық кездесулер ұйымдастырылып, қорытынды кеште әр салада жетістікке жеткен үздңктер 7 номинация бойынша  марапатталды.Бүгінде әр отбасына жылу сыйлап, шуақты күндерін молайтуға атсалысып жүрген жас энергетиктер қоғамдық-мәдени істерге белсене араласуда.Бұл уақытта өңірлік «Жас Отан» жастар қанаты ұйытқы болуымен атқарылған жұмыстар жетерлік. Саяи ұйымның қатарын толықтырып, іскер, білімді, «еліме пайдамды тигізейін» деген жастар көп.Тәуелсіздіктің тұғырлы, ел аман, жұрт тыныш болуының іргетасы бүгіннен бастап қалануда. Жаңашыл жастар – ел болашағы. Аға буын өкілдері өскелең ұрпақты қолдап, олардың игі істерге бастамашы болатынына сенеді.

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар