ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Жылдамдықты шектейтін белгілер қойылды

13:32, 15 шілде 2021

Жолдағы оқыс оқиғалардың алдын алу - Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілік полиция басқармасы жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Облыс аумағындағы жолдар үнемі олардың жіті назарында. Жыл басынан бері Өскемен – Алтай - Рахман қайнары бағытындағы жолда апаттар жиілеген. Полицейлер бұған басты себеп автокөлік жүргізушілерінің жол ережесін дұрыс сақтамауында дейді. Полиция қызметкерлерінің сөзінше, көлік жүргізушілері Өскемен - Алтай - Рахман қайнары бағытындағы жолда жылдамдықты асырып режимді сақтамағаны былай тұрсын, жол қозғалысындағы маневрларда да көп қателіктерге жол берген. Оған қоса аталмыш бағыттағы бұрылыстарда жылдамдықты шектейтін жол белгісі болмағандықтан, автокөлік жүргізушілері қауіпсіздікті естен шығарып, желдей жүйткіген. Соның салдарынан жол апаты жиілеген. Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілік полиция басқармасы осыған орай Өскемен – Алтай - Рахман қайнары бағытындағы жолға жылдамдықты шектейтін жол белгілерін қойып, қауіпті бұрылыстарға тосқауыл қойды. Полиция қызметкерлері жол апатының алдын алғанда ғана оны азайтуға мүмкіндік бар екендігін айтады. Жылдамдықты асыру ажалыңа асығу екендігін әрбір автокөлік жүргізушісі назарда ұстаса игі дейді мамандар.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар