ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

ЖҰМЫС ТОПТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

13:38, 2 сәуір 2021

Былтыр мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылған болатын. Осыған орай біздің облысымызда да арнайы  жұмыс топтары өз жұмыстарын бастап кетті. Әр жұмыс тобына әр кезең бойынша нақты тақырыптар берілген. Мәселен, тарих ғылымдарының кандидаты Раушан Айдарбаева 1916-1930 жылдардағы саяси науқандар мен аштық кезінде Қазақстаннан кетуге мәжбүр болған қазақстандық босқындарды ақтау бойынша зерттеу, ұсыныстарды дайындау және енгізу жөніндегі республикалық жұмыс тобының мүшесі. Қазақстандық босқындар дегеніміз қарапайым тілмен айтсақ, тағдырдың талайымен шет елге жан сауғалаған қандастарымыз. Тарихшы бұл істе жұмыс топтарындағы адамдармен ғана шектеліп қалмауымыз керек. Жергілікті өлкетанушылар мен көнекөз қариялардың естеліктерін де ескеруіміз қажет дейді. Енді жұмыс тобының мүшелері архивтерде жұмыс істеуді жоспарлап отыр. Жұмбағы ашылмаған көп дерек архивтерде шаң басып жатыр дейді тарихшы.

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар