ШҰҒЫЛ! РИДДЕР, БІЗ БІРГЕМІЗ! Толығырақ

ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫН ҰСЫНДЫ

17:41, 25 ақпан 2021

Бүгін Өскеменде «БИПЭК АВТО – АЗИЯ АВТО» кәсіпорнының жұмыстан босатылатын қызметкерлері үшін бос орындар жәрмеңкесі өтті. Естеріңізге сала кетейік, 10 ақпанда компаниялар тобы Еңбек кодексіне сәйкес аумақтық жұмыспен қамту органдарына 10 наурыздан бастап жұмыстан босатылуы мүмкін 1969 жұмыскердің тізімін ұсынған болатын. Осыған орай облыс әкімінің бастамасымен азаматтарды жұмысқа орналастыру жедел штаб құрылды. Бос орындар жәрмеңкесіне Алматының «Астана Моторс», Қостанайдың «СарыарқаАвтоПром» секілді еліміздегі ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Олар 10 наурыздан кейін жұмыссыз қалатын кәсіпорын қызметкерлеріне жұмыс орындарын ұсынды.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар