ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

ЖОЛ ЖИЕГІНДЕГІ КӨЛІКТЕР АЙЫП ТҰРАҒЫНА ЖӨНЕЛТІЛЕДІ

17:19, 13 қаңтар 2021

Өскемен қалалық полиция басқармасы шаһар тұрғындарына көліктерін  жол жиегінде қалдырмауларын сұрауда. Бұл жолды қардан тазартуға кедергі келтіреді. Бұдан былай мұндай көліктер айып тұрағына жөнелтіледі. Көлік иелері базар, сауда үйлері жанындағы жол белгілеріне мән бермей, темір тұлпарларын қоя береді. Осылайша, көшелерде кептелістер пайда болады. Полиция басқармасы қала тұрғындарына жолдаған үндеуінде жол ережелерін сақтап, жауапкершілік танытуларын сұрады. Сонымен қатар, ауа-райының нашарлауына байланысты тәртіп сақшылары көлік иелерін жолда абай болуларын, арақашықтық сақтауларын, жол ережелерін қатаң сақтауын сұрады. Ал, төтенше жағдай болған кезде бірден құтқару қызметіне хабарласқан жөн.

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар