ШҰҒЫЛ! ҚАР ТАЗАЛАУ ҚАРҚЫНЫ ҚАНДАЙ? Толығырақ

ЖОЛ САПАСЫН БАҚЫЛАУ КҮШЕЙТІЛДІ

17:15, 21 қаңтар 2021

Өңіріміздегі облыстық және республикалық маңызы бар жолдар ауа райының қолайсыздығына байланысты қардан тазартылуда. Сондай-ақ, мердігер мекемелердің өз жұмысын тиянақты орындауын бірнеше мекеме бақылауда. Соңғы күндері облысымызда бірнеше тас жол боранның салдарынан жабылды. Әрбір жолға бекітілген мердігер компаниялар сол сәтте-ақ жолды тазалауға кірісіп кетті. Жүк көліктері мен арнайы техника жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Жұмысшылар да, техника да жеткілікті»,- дейді мердігер компания өкілі. Жол активтері Ұлттық сапа орталығының өңірлік филиалы ауа-райының салдарынан жолдарда қалыптасқан жағдайға байланысты мердігер компаниялардың жұмысын жіті бақылауда. Тексеру жұмыстары барысында  облыстың кейбір жолдарында бірқатар олқылықтар анықталды. Оның ішінде жолды қардан дұрыс тазартпау, тайғаққа қарсы ұнтақтар сеппеу фактілері тіркелген. Мердігер компаниялар, сонымен қатар, көктемгі су тасқынының алдын-алу үшін дайындық жұмыстарын жүргізуде. Биылғы көктемде су тасқынының қаупі жоғары дейді мамандар.

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
17:21, 5 наурыз 2021
ӘЛЕУМЕТТІК КӘСІПКЕРЛІК: БИЗНЕСТЕГІ ӘЙЕЛДЕР
Толығырақ...
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
17:17, 5 наурыз 2021
БІЗ КӨП БІЛЕ БЕРМЕЙТІН МАМАНДЫҚ ИЕЛЕРІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар