ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жол сапасы бақылауда

13:33, 23 қараша 2021

Жол активтерінің ұлттық сапа  орталығы облыста тексеріс жұмыстарын жалғастырып жатыр. Аталған орталық аймақта жөндеуден өткен жолдардың сапасына бақылау жасап, жүргізілген жұмыстардағы олқылықтарды анықды. Нәтижесінде  бірқатар мердігерлердің жұмысы сынға қалды.Биыл облыста жол активтерінің ұлттық сапа орталығы жаңадан салынған және ағымдағы жөндеу жұмыстарынан өткен жол учаскелерінде тексеріс жүргізіп, 400-ден астам сынама зертханаға жіберілген. Мамандардың  айтуынша, жөндеуден өткен жолдардың басым бөлігінде сапа сын көтермейді.Бұл сынақ зертханасында жыл сайын жөндеуден өткен жол учаскелерінің сынамалары тексеріледі.  Сынақтан бәрі бірдей өте бермейді. Тіпті зертханадағылар жол салуда жиі кездесетін кем-кетіктің тізімін жасаған. Дәл осындай жол сапасын тексеру жұмыстары келесі жылы да жалғасады. Ал алдағы қыс мезгілінде жол активтерінің ұлттық сапа орталығы  мамандары коммуналдық қызметтердің жұмысын тексеріп, өңірдегі жолдарды тазалаудың қалай жүргізіліп жатқанына бақылау жасамақ.

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар