ШҰҒЫЛ! Жаңа орталық ашылмақ Толығырақ

Жігері жасымаған жандар

13:32, 7 қазан 2021

Өскеменде облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін жандарға арналған кітапханада қос жанарынан айырылған Динара Әбілқайырова мен Мағзат Мұқашев елеулі еңбек етеді. Олар ешқашан өздерін басқалардан кем көрген емес, керісінше өзгелерге үлгі болып, талай республикалық өнер додаларында бақ сынап жүр. Тіпті, жақында  Ескендір Хасанғалиевті еске алуға арналған «Екі жұлдыз» байқауында 18 жұптың арасынан оза шауып көрермен көзайымы атанған. Жігері мұқалмаған жанның бірі Динара Әбілқайырова Тарбағатай ауданының тумасы. 26 жыл бұрын Өскеменге келіп  медицина саласында 14 жылдай қызмет атқарады. 2013 жылы денсаулығы күрт нашарлап көз жанарынан бірдей айырылған. Қазір бірінші топтағы мүгедек. Екі көзі көруден қалса да тағдырдың тәлкегіне бойұсынбаған жан қоғамнан шет қалмау мақсатында былтыр арнайы зағиптар кітапханасына келіп жұмысқа орналасады. Күршім ауданының тумасы Мағзат Мұқашев та 40 жасында көзіне ота жасатып бірақ оң нәтиже бермей жанарынан айырылып отыр. Бүгінде жасы 53-те бірінші топтағы мүгедек. Ел қатарлы күн кешіп, әртүрлі салада қызмет еткен азаматқа әуелде көзі көрмей қалғаны жанына қатты батқан. Дегенмен, денсаулығының кінәратін сылтау етіп қолқусырып отырған жоқ. Бос уақытында ән айтып, спортпен шұғылданады. Кітапхана басшысының айтуынша бұл екі жан да күнін өзгелерге қаратқысы келмейді, тіпті көпке үлгі дейді. Кітапхана қызметкерлері мүмкіндігі шектеулі жандар алдағы уақытта да түрлі іс-шаралардан қалыс қалмайтынын айтады. Себебі, дәл осындай өнер сайыстары арқылы зағип жандар қоғамға бейімделіп, өздерін қоршаған ортада еркін сезінеді. Бұл өз кезегінде оларға жасалған қамқорлықтың тағы бір көрінісі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
13:32, 21 қазан 2021
Әлеуметтік сала шығыстары 26,7 трлн теңге
Толығырақ...
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
13:30, 20 қазан 2021
Парламентаралық ынтымақтастықтың басым бағыттары талқыланды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар