ШҰҒЫЛ! ТАСҚЫНҒА ДАЙЫНБЫЗ БА? Толығырақ

ЖЕРАСТЫ ӨТКЕЛДЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫ МӘЗ ЕМЕС

13:36, 23 ақпан 2021

Семейдегі жерасты жолдарының жағдайы мәз емес. Ол нысандардың кейбірін маскүнемдер паналап, тұрақты мекендеріне айналдырған. Әсіресе, кешкілік жұмыстан қайтатындарға жерасты жолдарымен жүру қауіпті. Бейнекамера тұрмақ, жарығы жоқ өткелдер дер кезінде тазаланбайды деп шағымданған тұрғындар жөндеу жұмыстарын талап етуде. Толығырақ келесі бейнематериалда. Қалада жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік кептелістерін азайту мақсатында салынған жоласты өткелдерінің жағдайы көңіл көншітпейді. Қараусыз қалған нысандардың кейбірі маскүнемдердің мекеніне айналған. Қабырғалары қаңырап, жарық атаулы жоқтың қасы. Жаяу жүргіншілер кешкісін өткелдер арқылы жүруге жүрексінеді. Қараңғы болғаны былай тұрсын, қар мен мұздан тазаланбайды. Сондықтан, адамдардың жүруіне қолайсыз. Бүгінде қалада 8 жерасты өткелі бар. Тұрғындардың айтуынша, олардың кейбірі апатты жағдайда. Жоласты өткелдеріне жауапты бөлім мамандарының мәліметінше, биыл бюджеттен жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінген. Оның аясында жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек. Бас маманның айтуынша, өткелдерді күтіп-ұстаумен «Семей тазалық» мекемесі айналысады. Ал Базар, ЦУМ, Океан аудандары мен Тұрлыханов көшесіндегі жерасты өткелдері жалға берілгендіктен, олардың жағдайына жалға алушылар жауапты.  

 

 

Тақырып бойынша материалдар

КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
13:40, 4 наурыз 2021
КОЛЛЕКТОРЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ ӘРЕКЕТІНЕ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар