ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жеңіс күні

13:33, 11 мамыр 2022

Облыс орталығында 9 мамыр Жеңіс күніне арналған түрлі салтанатты іс-шаралар өтті. Қан мен тердің, батырлардың күшімен келген бұл күн ұмыт қалмақ емес. Қала тұрғындары Отан үшін жанын қиғандарды еске алуға жиналды.

Таңмен таласа Даңқ мемориалына сұм соғысқа қатысып қыршыннан қиылғандар мен тылда еңбек еткендердің құрметіне гүл шоқтарын қойып жатқандардың қарасы қалың. Салтанатты шараға Аймақ басшысы да қатысты.

Ал, кешкісін бұл жерде жылдағыдай "шам жақ"акциясы өтті. Майдан даласында қаза тапқандардың құрметіне мың шырақ жанды.

Даңқ мемориалына еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін жиналды. Себебі, бұл мереке әр отбасына ыстық. Соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды. Сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі.

Жеңіс күніне арналған мерекелік іс-шара отшашумен аяқталды.

Тақырып бойынша материалдар

Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары
13:31, 26 мамыр 2022
Референдумды ұйымдастыру мен өткізу жұмыстары...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
13:32, 20 мамыр 2022
СУҚОЙМАЛАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Толығырақ...