ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жеке тұлғалардың валюталық операциялар бойынша төлемдері мен аударымдары

13:33, 26 қараша 2021

Қазақстанда валюталық операциялар бойынша ақша аударымдары мен төлемдер қалай жүзеге асырылады? Тұрғындар нені білулері тиіс? Осы және өзге де сауалдарға «Қазақстан республикасы Ұлттық Банкі» мемлекеттік мекемесінің Шығыс Қазақстан облыстық филиал қызметкерлері жауап берді.Заңға сәйкес, Қазақстанда төлем сомасы мен аударымдарды жүзеге асыруда ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан жеке тұлға өзіне тиесілі есепшоты арқылы не болмаса жаңасын ашу арқылы банк операцияларын емін-еркін жүргізуге құқылы. Негізгі шарт -  ақшаны шетелге аударған кезде аударым өтінімінде қаржы қай мақсатта жіберілгені міндетті түрде көрсетілуі тиіс.Жеке тұлға есепшот ашпай, валюталық келісімшартты тапсырмаған жағдайда, аударым өтінімінде қаражатты жіберудің мақсатын жазып, өзі туралы қосымша мәліметтерді көрсетеді.Аударылған ақша сомасы 10 мың АҚШ долларынан асып кетсе, аударым банктің төлем картасынсыз жүргізіледі. Мұндай жағдайда жеке тұлға міндетті түрде валюталық операцияларды орындауға рұқсат ететін келісімшартын көрсетеді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар