ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жазасын өтеушілер кәсіптік білім алады

17:15, 29 қыркүйек 2021

Темір тордың ар жағында жазасын өтеушілерге жазасын өтеп қана қоймай,  білім алуға да мүмкіндік берілуде. Мәселен, сотталушыларға мектептегі оқу бағдарламасын әрі қарай игерулері үшін  кешкі бөлім ашылған. Ол жерде азаматтар кәсіптік білімді де меңгереді. Жарма ауданындағы ОВ 156/1 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің мұндағы ұстаздарға деген құрметі ерекше. Сотталған оқушылар мұғалімдерге шыдамдылығы үшін алғыс айтып, колониядан босап шыққан соң қолдарына алған аттестатың өздеріне жаңадан өмір бастауға үлкен мүмкіндік беретініне сенім білдіреді. Бұл жолы темір торға тоғытылғандар Ұстаздар күніне орай концерттік бағдарлама ұйымдастырып, мерекелік көңіл күй сыйлады. ОВ 156/21 түзету мекемесінде 220-дан астам жазасын өтеуші бар. Оның ішінде 15 азамат кешкі мектепке барады.Ал 30 сотталушы кәсіптік білімді меңгеріп жатыр.

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар