ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жастарға жүктелер міндет көп

13:32, 13 қаңтар 2022

Облыс тұрғындары ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің мәлімдемесіне қолдау білдіруін жалғастыруда. Бұл жолы Мемлекет басшысының бастамасына облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңесі филиалының төрағасы үн қосты.

Ең алдымен, Геннадий Пуссеп Қасым-Жомарт Тоқаевтың ақпараттық саясатқа қатысты шешімін жоғары бағалады. Естеріңізге сала кетейік, елде интернет байланысы болмаған кезде республикадағы жағдай туралы ресми, сенімді және өзекті ақпараттарды  жариялаған бірқатар телеарналар мен сайттар ғана өз жұмысын жалғастырған болатын.

Парламент Мәжілісінің отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қолдау және оларға тәрбие беру мәселелеріне жеке тоқталды. Геннадий Пуссеп осы тұрғыда жас ұрпаққа дұрыс мінез-құлықты санасына сіңіре білу  маңызды екенін айтады.

Мемлекет басшысы шетелдік техникалық білім беретін жоғары оқу орындарының бірнеше филиалын ашу, студенттерді оқыту сапасын арттыру, сондай-ақ аудандық мектептердегі мұғалімдер тапшылығы мәселесін шешу қажеттігі туралы да айтқан болатын.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар