ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жастарға міндет пен сенім мол

13:32, 12 қаңтар 2022

Мемлекет басшысы халықтың табысын арттыру бағдарламасын әзірлеуді тапсырған болатын. Бұл жаңалықтан шығысқазақстандықтар үлкен үміт күтеді. «Қазақстан халқына» қорының құрылуы да денсаулық сақтау саласына  тың жаңалықтар әкелетініне сенімді өңір тұрғындары.

Облыстық Кәсіподақтар орталығының  төрағасы Темірбек Қасымжанов елде жүргізілетін саяси-экономикалық реформа туралы бастамадан күтеріміз мол дейді.  Соның ішінде  «Қазақстан халқына» қорының құрылуы медицина саласындағы түйіткілді мәселелерді шешуге жол ашады деген ойда. Себебі, аса күрделі дертке шалдыққан балаларды емдеуге қомақты қаражат қажет. Ал, бұл қор сирек кездесетін ауруларға шалдыққан  науқастарды қымбат медициналық қызметтер мен дәрілік заттардың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Президент мәлімдемесі жастарға артылған міндеттің мол екенін аңғартты. «Ұлағат» жастар ҚБ төрайымы Аяужан Әшімова еліміздегі жас буын өкілдері мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастырады деген сенімде.Ол үшін сапалы білім мен бәсекеге қабілетті мамандар қажет. Мәлімдемеде  жастарға арналған бағдарламаларға  өзгерістер енгізіліп, тың бастамаларды қолдауға арналған гранттар құны өсетіні айтылды. Енді соған сай жастар тарапынан да нақты жұмыс керек.

Жастар – асқақ арман мен болашақтың берік босағасы. Елдегі жас буын мемлекеттің жаңа келбетін қалыптастыру жолында аянбай еңбек ететініне зор сенім білдірді мемлекет басшысы.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар