ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жастар бастамаларын қолдау

17:17, 4 мамыр 2022

Бүгінгі таңда елімізде NEET санатындағы жастарға айрықша көңіл бөлініп келеді. Мәселен, өз кәсібін ашуға ниеттілер үшін, мемлекет тарапынан гранттар берілуде. Тек бизнес жоспарыңыз дайын болса болғаны.Ал бұл бастама Глубокое ауданында жемісті жүзеге асырылуда..

NEET санатындағы жастарды қатарға қосу үшін, қазір елімізде біршама жобалар қолға алынған. Бүгін Глубокое ауданындағы конференцияда аталмыш тақырып талқыланып, кәсіп бастауға ниетті жастарға арнайы ақпарат берілді.

Өткен жылы өңірдегі жастарға берілген бизнес гранттарының сомасы 300 мың  теңге шамасында болса, биыл бұл қаржы 500 мың теңгені құрайды. Басты талап-ұсынылған жоба идеясы қоғам сұранысына ие болуы керек.

Конференция барысында түрлі ұсыныстар мен жастардың сауалдарына жауап берілді. Айта кету керек, биыл елімізде балалар жылы жарияланғандықтан, бизнес гранттары 14 жасқа толған мектеп оқушылары үшін де қол жетімді.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар