ШҰҒЫЛ! Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды Толығырақ

Жасанды интеллект бағдарламасы

13:32, 12 шілде 2021

Ресми мәліметтерге сүйенсек, елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам инсульттен зардап шегеді. Соңғы жылдары тосыннан тап келетін ауруға жастар да жиі ұшырай бастаған. Жыл өткен сайын аурудың түрі жасарып келеді. Мамандар елімізде инсульт дертінің алдын алу үшін ерте диагноз қойып, науқастардың емделуге қолжетімділігін арттыру бағытындағы шараларды арттыра түскен абзал дейді. Осы мақсатта Өскеменде «CEREBRA» жобасының таныстырылымы өтті. Инсульт Қазақстанда инфаркт пен онкологиядан кейінгі үшінші орында. Мамандар жыл өткен сайын инсульт ауруы көрсеткіштерінің жоғарылауына тұрғындар арасындағы ақпараттың жеткіліксіздігі себеп дейді. Кейбір адамдар аурудың алғашқы белгілерін білмей, дер кезінде емделмей, уақытын өткізіп алса, ал енді бірі инсультті емдеуге болатындығына сенімсіздік танытқанынан сандық көрсеткіштер азаймай тұр. Медицина технологиясы дамыған заманда ауруды ерте диагностикалаудың мүмкіндігі зор. «CEREBRA» жобасының мақсаты да осы. Бүгінде аталмыш жобаға 6 қала мен 8 инсульттық орталық қосылған. Өскемен қаласында да бағдарлама бойынша жұмыс істеу тәжірибесі біртіндеп енгізілуде. Алдағы уақытта жасанды интеллект неврологияда да қолданылатын болады. Инсультті ерте анықтау оның алдын-алуға көмектеседі дейді мамандар. Ендеше Алланың адамға берген аманаты денсаулығымызға бейжай қарамай, ауырып ем іздемей, ауырмаудың жолын іздейік.
 

                                           

Тақырып бойынша материалдар

Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
13:38, 30 шілде 2021
Өзен ағысы алып кеткен ер адам құтқарылды
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
13:34, 27 шілде 2021
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету – басты мақсат
Толығырақ...