ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жас жол сақшыларының жарысы

13:32, 23 мамыр 2022

Статистикаға сүйенсек, жазғы уақытта балалардың жол-көлік оқиғаларынан түрлі жарақат алу жағдайлары жиілейді екен. Өскемен мен өңірлік тасжолдарда осындай қауіптің алдын алу үшін шаралар өткізілуде. Соның бірі облыс орталығында жас жол сақшылары арасында жол жүру ережелерін білу бойынша ұйымдастырылған жарыс.

Бұл мектеп жасындағы балалар жол жүру ережелерін кәсіби жүргізушілерден кем білмейді десе де болады. Өйткені, олар жол ережелерінің ең қиын сұрақтарына жауап беріп қана қоймай, жолдағы қозғалысты реттеуді де меңгерген. Қажет болған жағдайда оқыс оқиғалардан зардап шеккендерге алғашқы медициналық жәрдем де көрсете алады.

Байқаудың қызықты әрі қиын кезеңдерінің бірі – «Жол қозғалысын реттеу». Бұл кезеңде қатысушылар жол жүруді ереже түрінде ғана емес, тәжірибе жүзінде білулері шарт.

Жарысқа дайындалып келген командалардың әрқайсысы ешкімге дес бермей, бәрінен мықты екендерін дәлелдеуге тырысты. Байқау талаптары бойынша қатысушылар алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра отырып, келесі кезеңге өтіп отырды.

Арина Дмитриева екі жыл бойы жас жол сақшылардан құралған жасақтың сапында. Бұл уақытта көп нәрсені біліп, көңіліне тоқып, пайдасын көріп жүргенін айтады. 

Балаларға танымдық ақпарат беретін оқыту жүйесі жас сақшыларды жалықтырып алмас үшін ойын мен квест түрінде ұйымдастырылады.

Іріктеуден өткен өскемендік үздік жас сақшылар командалары облыстық байқауға қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыстың деңгейі жыл өткен сайын жақсарып, жоғарылап келе жатыр. Қатысушылар санаулы минут аралығында ең қиын деген тапсырмаларды оңайлықпен орындауға машықтанып алған.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар