ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жас ұстаздардың басқосуы

17:17, 29 қыркүйек 2021

Қазан айының алғашқы жексенбісі еліміздегі ұстаздардың төл мерекесі. Атаулы дата қарсаңында Өскемендегі "Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығында әр ауданнан келген жас педагогтар бас қосып, тәжірибе алмасты. Дәстүрге айналған жас педагогтардың бұл басқосуы соңғы екі жылда пандемия салдарынан тежеліп қалған болатын. Әйткенмен биыл қайта жаңғырып жалғасын тапты. Облыстық білім басқармасы ұйытқы болған салтанатты шараға ұзын ырғасы 28 мектептен 40- қа жуық мұғалім қатысты. Шара барысында ЖОО педагог мамандарын даярлау мәселесі де сөз болды. Салтанатты шара барысында әр өңірден келген жас мамандарға ардагер ұстаздар батасын беріп, өз ісінде үздік деп танылған 27 мұғалімге арнайы сертификат табыстады. Солардың бірі химия пәнінің мұғалімі Өмірзақ Өмірбек. Ұстаздық еткеніне небәрі 3 жыл болған Өмірзақ бүгінде үздік педагогтар қатарында. Жас мамандар үшін  мұндай семинардың маңызы зор. Шәкірт тәрбиелеуге бел буған әр жас маманның алдынан қилы қиындықтар шығатыны анық. Білім саласында қордаланған мәселелер әлі де көп. Соның бірқатары отырыста талқыланды. Шара соңында бірқатар жас педагогтар білім басқармасының мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

 

 

 

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар