ШҰҒЫЛ! Кенеден қалай қорғану керек? Толығырақ

Жас өрт сөндіруші-құтқарушылар байқауы

17:15, 9 маусым 2021

Алтай ауданында "Қазцинк" ЖШС және жергілікті ТЖ басқармасының қолдауымен жас өрт сөндіруші-құтқарушылар байқауы өтті. Жасөспірімдерге өздерін нағыз кәсіби маман ретінде сезінуге мүмкіндік жасалды. Жас өрт сөндіруші-құтқарушылар арасында «Үздік команда» атағы үшін Зубовка және Леснопристань мектептерінің жоғары сынып оқушылары өзара сынға түсті. Жарыс Зубовск ауылындағы орта мектепте ашық аспан астында өтті. Шарада барлық қауіпсіздік талаптары сақталған. Оқушылар алғашқы көмек көрсетудің практикалық дағдыларын, қауіпсіздік шаралары туралы теориялық білімдерін көрсетті. Жеткіншектер тақырыптық плакаттар жасау, ән орындау және өлеңдер оқу арқылы шығармашылық қарымдарын да байқатты. Қатысушылар өздерін барынша кәсіби өрт сөндірушілер рөлінде сынауға тырысты. Тау-кен құтқарушыларының көрсетілімі «Қазцинк» компаниясы тарапынан арнайы дайындаған тосынсый болды. Ал көрермендер мен қатысушылар алғашқы көмек көрсету кезінде құтқарушылардың кәсіби іс-әрекеттерін көріп мәз-мейрам. Іс-шара металлургтердің және Алтай аудандық ТЖ Басқармасының халықпен кешенді алдын алу жұмыстарының айқын көрінісі. Байқау қорытындысы бойынша екі команда бірдей ұпай жинап, тең түсті. Барлық жас құтқарушыларға "Қазцинк" компаниясынан сыйлық ретінде портативті акустикалық колонка берілді.

 

Тақырып бойынша материалдар

Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
13:44, 10 маусым 2021
Кәмелеттік жасқа толмағандармен жұмыс істейтін полицей
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
13:36, 8 маусым 2021
Өскеменге «Тәуелсіздік монументі» қойылады
Толығырақ...