ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ҚАУЛЫ Толығырақ

«ЖАС МАМАН» БАҒДАРЛАМАСЫ – САПАЛЫ БІЛІМГЕ БАСТАР ЖОЛ

13:40, 8 сәуір 2021

Агроном, мал дәрігері секілді сұранысқа ие мамандықтар бойынша кадрлар даярлап келе жатқан Саратов ауылындағы ауыл шаруашылық колледжінің соңғы жылдары бағындырған белестері көңіл қуантады. Оның ішінде ең бастысы – материалдық-техникалық база озық үлгіде жабдықталған. Ресей, Чехия секілді мемлекеттермен қатар, АҚШ-тың алпауыт компанияларынан техникалар сатып алынған. Жас маман бағдарламасының маңыздылығы – осы колледжде өңіріміздің өзге білім ордаларының студенттері де білім алады.  «Жас маман» бағдарламасы бойынша қарқынды дамып келе жатқан оқу ордаларының бірі  Өскемен Жоғары политехникалық колледжі. Мехатроника, электр станциялары мен электр желілері секілді мамандықтар бойынша білім беретін оқу орнының жабдықталуы көзге футуристикалық стильді елестетеді. Себебі, студенттер Батыс Еуропа елдерінен алынған Күн сәулесінен және желден электр қуатын өндіретін қондырғыларда жұмыс істеп үйренеді. Колледж ұстаздары өз студенттерінің алдағы «World Skills» іріктеу жарыстарында топ жаратынына сенімді.

 

Тақырып бойынша материалдар

ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
17:15, 16 сәуір 2021
ИНДУСТРИЯЛЫҚ ДАМУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ ӨСКЕМЕНГЕ КЕЛДІ
Толығырақ...
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
13:38, 16 сәуір 2021
ПОЛИГОН ЖАБЫЛҒАНЫМЕН МӘСЕЛЕЛЕР ӘЛІ ДЕ БАР
Толығырақ...
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
13:36, 16 сәуір 2021
СЫЙЛЫҚ БЕРУШІГЕ ДЕ, АЛУШЫҒА ДА - АЙЫППҰЛ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар