ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Жас ғалымдар жаңалығы

13:32, 14 қыркүйек 2021

Бүгінде елімізде студенттердің жобаларын қолдауға және дамытуға жақсы көңіл бөлінуде. Себебі оқу аяқталғаннан кейін зерттеу жұмыстарына қызығушылық танытқан жас ғалымдар ерекше жаңалықтар аша бастады. Нариман Қайырбеков - үшінші курс студенті. Химия пәніне мектеп қабырғасынан  бастап  қызыққан ол жоғары оқу орнына барғанда ойланбастан «ғылыми химия» мамандығын таңдағанын айтады. Жас ғалым сабақтан кейінгі бос уақытын ғылыми зертханада өткізеді. Қазіргі уақытта ол екі бірдей жоба бойынша зерттеулер жүргізуде. Жұмысының негізгі бағыты - қоршаған ортаға зиян келтірместен ыдырайтын Полимерлі материалдар негізінде биологиялық ыдырайтын полимерлерді дамыту. Жас зерттеушінің екінші жобасы макулатураны қайта өңдеу әдістерін жетілдіруге бағытталған. Студенттер ірі жобаларды атақты ғалымдармен бірге жүргізіп қана  қоймай, тәжірибе жинақтап, өз зерттеулерін де жасайды. Айта кетейік, зерттеу жұмыстары бірнеше жыл бойы жалғасады. Ғалымдардың пікірінше, жаңа жобалар отандық экономиканың дамуына үлес қосып қана қоймай, елдегі экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...