ШҰҒЫЛ! Темір жол бойындағы қауіпсіздік Толығырақ

Жаппай вакциналау

13:38, 3 шілде 2021

Өскеменде вакцинаның бірінші компонентін 785 мың адам алды. Ендігі кезекте міндетті вакциналау талаптары күшейтілмек. Бұл туралы Өскемен қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы мамандарының қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды. Міндетті вакцина алуы тиіс санаттарға келер болсақ, ол адамдармен тікелей байланысқа түсетін қызмет көрсету саласының қызметкерлері. Медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 айда коронавируспен ауырған адамдар ғана екпе алмауларына рұқсат. Ал вакцина алудан бас тартқандар әр 7 күн сайын ПТР-тест тапсыруға міндеттеледі. ПТР-тест кімнің қаражатына жасалады деген сұрақ туындайды. Маратбек Сайболатов әр жұмыс беруші тестті компания өз мойнына алады ма немесе жұмысшы өз ақшасына жасайды ма, мұны компания өзі шешетінін айтты. Бастысы – қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Маратбек Сайболатовтың айтуынша, әлемдік пандемия жағдайында азаматтардың өмірінің қауіпсіздігі және денсаулығын сақтау үшін міндетті вакциналау толықтай заңды болып табылады.

 

Тақырып бойынша материалдар

Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
13:30, 17 қыркүйек 2021
Мектептерде санитарлық талаптар сақталған
Толығырақ...
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
13:38, 17 қыркүйек 2021
Пайдаланылмаған жер кері қайтарылады
Толығырақ...