ШҰҒЫЛ! Қайғылы жағдай Толығырақ

Жанға жайлы жазғы лагерь

13:30, 17 маусым 2022

 

Мектеп оқушылары үшін жазғы демалыс – ең сүйікті, ең қызыққа толы уақыт. Әсіресе, балаларға арналған лагерлер мұндайда таптырмас орын. Солардың қатарында «Жігер» жазғы балалар лагерін айтуға болады. Бүлдіршіндер үшін демалысты танымды әрі ойын-сауықпен өткізуге болатын орынның бірі.

Әр жаз маусымы сайын бұл орын жас демалушыларына ерекше әлемге саяхаттағандай әсер қалдырады. Оның үстіне жазғы сауық­тыру орталығы Шығыс Қазақстанның інжу-маржанының бірі, тұмса табиғаттың көз тартар кереметі саналатын Бұқтырма су қоймасы жағасында орналасқан. Бұл жерге 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер келе алады. Биылғы маусымның алғашқы легі демалысын аяқтап, үйлеріне қайтуға дайындалуда. Әр маусымның өз тақырыбы бар.

Демалыс маусымының алғашқы легінде 170 бала келген. Жолдама көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға беріледі. Сонымен қатар, оқу жылын үздік аяқтап, оза шапқан оқушылар да осында. Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге арналған бағдарлама тыңғылықты дайындалған.  «Ең бастысы балалардың жазғы демалыстарын есте қалатындай, қызықты қылып өткізу басты міндетіміз», - дейді мұндағы мамандар.

Лагерьде демалыстарын өткізіп жатқан оқушылар әр күніміз қызыққа толы әрі тың дүниелермен танысып, жаңа достар тауып жатырмыз дейді.

 «Балалар лагері – бүлдіршіндер мен педагогтар өмір сүретін үлкен отбасы» дейді Ольга Ботвина. Орталықтағы ойын-сауық бағдарламалары ешкімнің ішін пыстырмайды. Керісінше, демалушылар жағымды пікірлерін айтып, көңілдерінен шыққанын сөз етеді. Шығармашылық байқаулар, концерттер, түрлі квестттер мен шеберлік сыныптары бұл азы ғана. Балалар спортпен емін-еркін шұғылданып, жаңа достар тауып, шығармашылық дарынын одан ары дамыта алады.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
17:19, 22 маусым 2022
ТӘРКІЛЕНГЕН ТАУАРЛАР ӘЛЕУМЕТТІК МЕКЕМЕЛЕРГЕ БЕРІЛДІ
Толығырақ...